Жаңалықтар

Шоттағы қаржы айналымы 2 млннан асса, Салық органдары тексереді

Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов «Банктер және банктік қызмет туралы» заң жобасын талқылау кезінде бұл өзгерістер тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталғанын атап өтті, деп жазды qandastar.kz

Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында тараған «Қазақстанда банктік құпия жойылады» деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

«Банктік құпия күшінде қалады. Салық кодексіне өзгерістер енгізілген кезде жеке тұлғалар туралы мәліметтерге қатысты қоғамда қызу пікірталас туған еді. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті тіркелмеген жеке кәсіпкерлердің жасырын кәсіпкерлік қызметін анықтау үшін баламалы тәсіл ұсынды», – деді Шолпанқұлов.

Оның түсіндіруінше, жеке тұлғалардың шотындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер салық органдарына тек мынадай жағдайларда ғана ұсынылады:

  • егер жеке тұлғаның шотына әртүрлі адамдардан 100-ден көп ақша аударымы жасалса;
  • не болмаса шоттағы қаражат айналымы 2 миллион теңгеден асып кетсе.

«Егер бұл екі шарт орындалмаса, азаматтар туралы ешқандай мәлімет берілмейді», – деп түйіндеді Ұлттық банк өкілі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button