Жаңалықтар

«370 млн теңге мен Range Rover»: Алматыда клиенттердің ақшасын иемденген жеке сот орындаушысы сотталды

Алматы қаласында жеке сот орындаушысы (ЖСО) өндіріп алынған қаражатты жәбірленушілерге бермей, өз қажетіне жұмсағаны үшін сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz  сайты NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Қадағалау органы жүргізген тексеріс барысында аса ірі көлемде қаражатты жымқыру және алаяқтық деректері анықталған. Тергеу нәтижесінде жеке сот орындаушысының қызмет бабын пайдаланып, азаматтарға қайтарылуы тиіс ақшаны өзі иемденгені белгілі болды.

«Жүргізілген тексеріс барысында ЖСО-ның қызметтік өкілеттігін пайдаланып, өндіріп алынған 370 млн теңгеден астам соманы жеке мақсаттарына жұмсағаны анықталды. Сонымен қатар, ол Range Rover маркалы автокөлікті заңсыз иемденіп, 19 млн теңгеден астам зиян келтірген», – деп хабарлады прокуратура.

Сот кінәліні айыпты деп танып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сот қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеуді және оны өмір бойы жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айыруды шешті.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button