ЖаңалықтарМәдениет

Перизат Қайраттың театрда ойнаған кездері желіде тарады

«Біз біргеміз» атты қайырымдылық қорын құрып, оған түскен 3,5 миллиард теңгені өз пайдасына жаратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайраттың өткен өмірі жайлы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Перизат Қайрат 2014 жылы актер Қуандық Шәкіржановпен бірге «Қуандық пен Бақыт» театр сахнасында өнер көрсеткені анықталған. Онда ол Қуандықтың жарының рөлін сомдайды.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың қазіргі танымал актерлермен түскен бірнеше суреттері де әлеуметтік желіде табылған.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қарашасында ол қазақстандықтар мүмкіндігі шектеулі балаларға, су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге деп жинаған 3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін ұсталған еді.

Тергеу қорытындысы бойынша ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 3,5 миллиард теңгеге жеткен. Астана қалалық сотының үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button