
Оралқаласында екі жастағы қыз бала балабақшаға барған соң жыныс мүшелерінің жарақатын алған. Анасының айтуынша, кешке қызында қан шыққан, деп жазады qandastar.kz
Ол қызын ауруханаға апарып, гинеколог жарақат бар екенін растаған. Анасы балабақшадағы тәрбиешілерге хабарлаған, алайда олар ешқандай ақпарат білмейтінін айтқан. Анасы бейнекамера жазбаларын талап еткен, себебі қыз дәретханада шамамен 10 минут болеан, сол жерге кірген бейтаныс адам “болған”.
Полиция бастапқыда қылмыстық іс қозғаған, бірақ соңында «қылмыстық құрам жоқ» деген негізбен іс тоқтатылған. Анасы бұл шешіммен келіспей, әділ тергеуді талап етіп отыр.


