Жаңалықтар

Депутат: Көктөбені 1,2 млрд теңгеге сәндемей, күрделі жөндеу өткізу керек еді

Сенатор Галиасқар Сарыбаев Үкіметке Алматыдағы Көк-Төбе телемұнарасын толықтай жаңғырту және конструкциясын күшейту жөнінде ұсыныс жасады, деп жазды qandastar.kz

Оның айтуынша, шамамен жарты ғасыр бұрын салынған бұл бірегей нысан бүгінде инженерлік және сейсмикалық тұрғыдан қауіп төндіріп отыр.

Сарыбаевтың сөзінше, телемұнараның конструкциясы мен лифтілік жабдықтары тозып, шұғыл түрде жаңартуды қажет етеді.

Алайда қала тұрғындары соңғы жылдары әкімдік тарапынан негізінен «косметикалық» немесе «фасадтық» жобалар жүзеге асып жатқанын айтып, сынға алуда. Мәселен, Көк-Төбе телемұнарасына архитектуралық және көркем жарықтандыру орнатуға шамамен 1,1–1,2 миллиард теңге жұмсалған. Бұл қаржы нысанды безендіруге бағытталғанымен, оның нақты техникалық және сейсмикалық мәселелері шешілмей отыр.

Сенатордың айтуынша, Көк-Төбе телемұнарасы – Алматының символы әрі қала инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Сондықтан оны сәндеуден гөрі, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші кезекте тұруы тиіс.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button