
Актер Олжас Абай мен жарының жолдары екіге айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Белгілі болғандай, актердің бұрынғы жұбайы Аймира Аман Hit TV арнасындағы «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өміріндегі қиындықтар жайлы ашық айтты.
Аймираның сөзінше, олардың некесі ресми түрде бұзылған. Сондай-ақ, ол тұрмыста болған кезінде күйеуінің өзіне қол көтергенін және сол жағдайлардың салдарынан ажырасуға мәжбүр болғанын жеткізді.
«Қазір жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Олжас ешқандай көмек көрсетпейді. Үй алып беремін деген уәдесін орындаған жоқ. Балаларына да келмейді. Тіпті, бір танысым арқылы «Аймира мені іздемесін» деп сәлем айтыпты», – дейді Олжас Абайдың бұрынғы әйелі.



