ЖаңалықтарШоу бизнес

«40-қа келген баланың үйін жөндеп жүр»: Айдарбекова тағы сынға қалды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың Алматыдағы жаңа үйін көрсетіп, Instagram-да рум-тур жариялады. Ол үйдің жөндеуі жақында аяқталғанын айтып, бірінші және екінші қабаттағы бөлмелерді көрсетті деп жазды qandastar.kz
Бейнежазба астында желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған: бір бөлігі продюсердің еңбегін жоғары бағаласа, енді бірі сын көзбен қарап, Қайрат пен оның жары Жұлдыз туралы да пікір білдірген.
«Қайрат пен қызым Жұлдыздың үйі деп айтсаңыз, не болар еді?», «Енелер келіннің атын айтуға қиналады, бізде де солай», «40-қа келген баланың үйін жөндеп беріп жүрген анаға не керек?», «Қайрат әп-сәтте үй сатып алды, ал Жұлдыз әлі жөндеуін аяқтай алмай жүр»,«Бала-шағасы жоқ, өзіне не керек бұл үй?» – деп жазды желідегілер.
Желіде бұл видео Қайрат пен Жұлдыздың қарым-қатынасына қатысты талқылауға себеп болған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button