Шоу бизнес

39 жасында алғаш рет ана атанған Аружан Жазылбекова ерекше суреттерімен бөлісті

Қараша айында алғаш рет ана атанған қазақстандық актриса Аружан Джазильбекова, Instagram желісінде күйеуі – «Zamandas» подкастының жүргізушісі Ержан Алдабергеновпен түскен ерекше суреттерін жариялады, деп жазады qandastar.kz.

1 желтоқсанда жарияланған кадрлар жұбайлар алғашқы сәбилерін күтіп жүрген кезде түскен. Ержан Алдабергенов ортақ жазба астына жаңадан туған қызы Сараға арнаған жүрекжарды өлең жолдарын қалдырды.

Желі қолданушылары мен достары Аружан мен Ержанды қыздарының дүниеге келуімен құттықтап, жас отбасыға ақ тілектерін жеткізуде:

«Қуаныштарыңыз құтты болсын!»,

«Бақытты болыңыздар»,

«Сіздер сондай керемет жұпсыздар»,

«Қызыңыз бақытты өссін»,

«Керемет жаңалық! Бауы берік болсын».

Айта кетейік, Аружан Джазильбекова – «Рэкетир 2: Возмездие» фильмінің басты рөлдерінің бірін сомдаған. Ал 2019 жылы қарашада өткен Лос-Анджелес кинофестивалінде қазақстан-қытай картинасы «Композитор» фильміндегі рөлі үшін «Үздік әйел бейнесі» номинациясында марапатталған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button