Жаңалықтар
4,4 миллион теңге пара алған: Антикор ауыл шаруашылығы министрлігі комитетіндегі тергеудің мән-жайын айтты
Фото: ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Экс-шенеунік шегірткеге қарсы пестицидтерді жеткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарты құнының 5% көлемінде, яғни 4,4 миллион теңге пара алды деп айыпталды.
“Соттың санкциясымен лауазымды тұлға мен кәсіпкер үйқамаққа алынды. Биыл 31 қазанда Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.