Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

4,6 трлн теңгеге жол: 3 жылда 3,25 мың шақырым автожол салынады

Қазақстанда алдағы үш жылда автожол саласына 4,6 трлн теңге бағытталады. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын ірі жобалар жүзеге асырылады, деп хабарлайды порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін ел аумағында 10 мың шақырым автожолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазірдің өзінде оның 5 мың шақырымы аяқталған. Қалған 5 мың шақырым алдағы жылдары жөнделіп, тапсырма толық орындалады.

«Автожол жобаларын жүзеге асыру үшін елімізде негізгі құрылыс материалы бар. Бұл құрылысты толық қамтамасыз етуге және жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Инертті материалдар шектеулі өңірлерде ірі өндіріс орындарының техногендік минералдық қалдықтары (ТМҚ) пайдаланылады», — деді министр.

Жоспарланған жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттырып, экономикаға тікелей тиімділік әкелмек.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button