Абайтанушы, қоғамда жиі пікірталас тудырып жүрген Омар Жәлелдің жеке өміріне қатысты даулы әңгіме шықты. Бұл жолы Омар Жәлелдің екінші әйелі, психолог әрі аудармашы Ләззат Мырзаш «Әңгіме бар» подкастында көпшілікке бұрын беймәлім жайттарды ашық айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Кursiv.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Подкаст барысында Ләззат Мырзаш Омар Жәлелмен арадағы отбасылық қарым-қатынастың қалай аяқталғанын, қазіргі жағдайдың қандай екенін баяндады. Оның айтуынша, бүгінде Омар Жәлел оны барлық жерде блокқа тығып, 1 жылдан бері мүлде байланысқа шықпай отыр.
Қазір мен төрт баламды жалғыз өзім тәрбиелеп отырмын. Әкелері тарапынан ешқандай араласу жоқ, – дейді Ләззат.
Оның сөзінше, балалардың жағдайы да алаңдатарлық. Ана ретінде бар жауапкершілік тек өз мойнында қалғанын айтады.
Ләззат Мырзаштың айтуынша, Омар Жәлелдің төрт әйелі және 30-дан астам баласы бар.
«Маған секс керек емес, ұрпақ керек» деп өзі айтатын» – дейді подкаст қонағы.
Сонымен қатар Ләззат Мырзаш Омар Жәлелдің басқа әйелдері де сотқа жүгінуді ойластырып жүргенін меңзеді.



