Жаңалықтар
«40 ℃-қа дейін бармайды»: Қазгидромет өкілі жазда ауа райы қандай болатынын айтты
Маусымда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде құрғақ болады және аса ыстық болмайды.
Орталық, солтүстік және шығыс Қазақстанда ауа температурасы 22-25 градустан 30-38 градусқа дейін ауытқиды. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста 25-30-дан 35-39 градусқа дейін артады.