Жаңалықтар

40 миллион алған: Талдықорған полициясының экс бастығы зорлаған әйел қамауға алынды

Фото: ашық дереккөз

Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевтың ісі күрделеніп барады. Күштібаев зорлаған әйелдің өзі қазір үйқамаққа алынған. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр, – деп жазады qandastar.kz

Жәбірленуші әйел Күштібаевтың әйелінің 40 миллион ақшасын алаяқтық жолмен иемденген. Ол жалған куәлік беруге келіскен дейді инсайдер. Іске жәбірленушімен бірге оның жігіті, бұрынғы полиция қызметкері (қазір уақытша ұстау изоляторында), сондай-ақ Талдықорған қалалық сотының хатшысының да қатысы бар болып шықты.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін жәбірленушінің адвокаты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың 12 қарашасында талдықорғандық әйел қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен ішкі істер бөліміне жеткізіліп, кейін ол бастықтың кабинетінде зорланған.

Осы жылдың сәуір айының соңында сот үкімі бойынша Күштібаев кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ марапаттарынан және «полиция полковнигі» арнайы атағынан айырылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close