Жаңалықтар
40 жастағы Ресей азаматы тыңшылық жасады деген айыппен ұсталды
Фото: finam.ru
Парижде тұратын ресейлік жұма күні Франция астанасында ашылатын Олимпиада ойындарында «тұрақсыздандыру актілерін» дайындады деген айыппен қамауға алынды.
Бұл туралы Париж прокуратурасы хабарлады.
«40 жастағы ер адамды өткен жексенбіде Франция ішкі істер қауіпсіздік министрлігі басқармасының қызметкерлері ұстап, қамауға алды. Сейсенбіде оған «Францияда дұшпандық тудыру мақсатында шет мемлекеттің мүддесі үшін барлау қызметін жасады деген айып тағылды» деп мәлімдеді прокуратура.
Кінәсі дәлелденсе, ер адам 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Олимпиада ойындары кезінде жағдайды тұрақсыздандыру үшін оның ресейшіл операциялар дайындағанын көрсететін айғақтарды бар»,- деді прокуратура.