Жаңалықтар

400 миллион теңгеден астам табыс тапқан: Land Cruiser, Highlander және Camaro көліктері тәркіленді (ВИДЕО)

Павлодар облысында заңсыз вейп сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс орталығында темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, өнімдер Telegram-дағы үш онлайн дүкенде курьерлік жеткізу арқылы сатылған.

Заңсыз айналымнан жалпы құны 400 миллион теңгеден асатын 53 мыңнан астам өнім бірлігі тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру үшін күдіктілер банк карталары ресімделген дропперлерді пайдаланған, – делінген хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button