Шоу бизнес

41 жастағы Мақпал Исабекова басқа еркекпен көзге түсті

41 жастағы әнші Мақпал Исабекова тыңдармандарына жаңа шығармасын ұсынды, деп жазады qandastar.kz. 

«Салқын» деп аталатын бұл ән махаббаттағы үміт пен күйзеліс, ішкі жан жарасы жайлы баяндайды.

Өнер иесі Instagram парақшасында жаңа туындысына арналған видео-тизер жариялады. Бейнежазбада Мақпал жас жігітпен бірге лифт ішінде көрінеді, кадрдан олардың арасындағы салқын қарым-қатынас пен шиеленіс айқын сезіледі.

Ән мәтінінде әнші жараланған жүрек, бастан өткен көңіл қалу және өткенге қайта оралғысы келмейтін сезімдер туралы шырқайды.

Әннің қысқа үзіндісі-ақ тыңдармандардың ықыласына бөленді.

«Ана жігіт не деп тұр»,

«Жақсы ән болатын сияқты»,

«Маған ұнады»,

«Басқа жігітпен не істеп тұрсыз?» — деп қалжындады әншінің оқырмандары.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button