Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінді: зардап шеккендер жоқ

ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» сейсмикалық станциялар желісімен 6 желтоқсан Астана уақытымен 02 сағат 04 минутта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырымында орналасқан.

Есептік қарқындылығы:

Тараз және Шымкент қалалары — 2 балл

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеді, дейді құтқарушылар.

«Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button