Жаңалықтар

45 млн теңге пара алған Петропавл зауыты экс-директорының пәтері тәркіленді

Фото: Canva

Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас директоры аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға, атқарушы директор 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алған. Оны орындау кезінде жеке кәсіпкермен жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасалды.

Алайда, бас директор атқарушы директор арқылы кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары (45 млн теңге) сомасында пара алған. Орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойған және шартты орындау кезінде жалпы қамқорлығы үшін осындай заң бұзуға барған, – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот шешімімен, мемлекет кірісіне 40 млн теңгеге пара сомасына сатып алынған пәтер тәркіленді. Қалған 5 млн теңге сотталғандардан тең үлестермен өндірілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close