Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысында анасы Альмира Нұрлыбекова сотта 990 мың долларды (шамамен 453 миллион теңгені) қайдан тапқанын түсіндірді, деп жазады qandastar.kz.
Сотта прокурор оның отбасында мұншама қаражаттың қайдан келгенін сұрады. Нұрлыбекованың айтуынша, ол бұл ақшаны жылдар бойы адал еңбегімен тапқан.
«2003 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде Қызылордада кәмпит, мандарин және апельсин сатумен айналыстым. 2007 жылы бір ғимаратты 1 миллион долларға саттым. 2017 жылы Антикор барлық мүлкімізді, табысымызды толық тексерді. Бәрі адал еңбектің нәтижесі деп таныды», – деді Нұрлыбекова.
Оның айтуынша, Кемелова “үйде тінту болады” деп қорқытып, ақшаны өзіне сақтауға көндірген. Осылайша ол Бекзатқа шамамен 990 мың долларды сеніп тапсырған. “Бекзат ақшаны қайтарамын деді, бірақ кейін түрлі сылтау айтып, «ақшаны біреу Америкаға алып кетті» деп құтылды”, – дейді Нұрлыбекова.



