Жаңалықтар

48 жастағы Айгүл Иманбаеваға күйеуі мәһрге не берді?

Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жаңа көлік тізгіндеп отырған сәтінен бейнежазба жариялап, жұрттың назарын өзіне аударды, деп жазады Qandastar.kz alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі stories бөлімінде актрисаның рөлде отырған видеосы тарап, оны Айдана Байтұрсын есімді қолданушы бөлісті. Видеода:

«Жездем Айгүл Иманбаеваға көлік сыйлады. Әлі нөмірін де алмаған», – делінген.

Lamborghini уәде етілген, бірақ Tesla бұйырыпты

Желіде кеңінен тараған бейнежазбадан кейін Айгүл Иманбаева жаңа көлікке қатысты түсініктеме беріп, күйеуінің өзіне мәһрге Lamborghini уәде еткенін айтып, былай деп әзілдеді:

«Күйеуім маған мәһрге Lamborghini уәде берген. Келсем: «әзірге Lamborghini емес, Tesla алып қойдым» дейді. Міне», – деп қуанышын бөлісті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close