Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

АҚШ, Украина және Ресей БАӘ-де соғысты тоқтату мүмкіндігін талқыламақ

АҚШ, Украина және Ресей өкілдері Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) соғысты аяқтау мүмкіндігіне қатысты келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Кursiv.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, мәселе үшжақты форматтағы келіссөздер туралы болып отыр. Кездесу осы жұма және сенбі күндері Абу-Дабиде сарапшылар деңгейінде өтуі тиіс. Бұған дейін мұндай жоспарлар туралы Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф та хабарлаған.

Украина президентінің сөзінше, АҚШ-тың келіссөздер өткізу туралы ұсынысы ол үшін де күтпеген жайт болған. Бірақ ол бұл кездесуден тым жоғары нәтиже күтпейтінін, дегенмен Мәскеудің ымыраға келуге дайындығын түсіну маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, Украина мен Ресей арасында бірнеше айдан бері ресми тікелей келіссөздер болмаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button