БілімЖаңалықтар

Министр электронды күнделікті жоюға қарсы

Мектептерде оқу жылының ортасында электронды күнделіктерді ауыстыруға болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Qandastar.kz порталы Kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, каникул кезінде министрлік әкімдіктерге оқу жылының соңына дейін LMS-жүйелерін (оқытуды басқару жүйесі) өзгертпеу жөнінде ұсынымдар жолдаған.

«Оқу жылы барысында оның ортасында мұндай қолайсыздықтар болмауы тиіс. Егер қыркүйек айында оқу процесі бір LMS жүйесімен басталса, онда оны сол жүйемен аяқтаған дұрыс. Бірақ тағы да қайталап айтамын, шешім жергілікті атқарушы орган деңгейінде қабылданды. Жауапкершілік те соларға жүктеледі», – деді Сүлейменова.

Бұған дейін Kursiv.media тілшісі Kundelik пен BilimClass компанияларының арасындағы текетіреске қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтыңпікірін білді. Оның сөзінше, бұл дауда бала мен мұғалім мүддесін ұмытпау керек.

Еске салайық, осы жылдың басында Алматыдағы барлық мектеп BilimClass электронды журналына көшеді деген жаңалық тараған еді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button