Жаңалықтар

50 мыңдық сотуар сатылымда: Ерке Есмахан жеке брендін дамытпақ

Фото: скрин

Әнші Ерке Есмахан жеке бренд әшекейін сатылымға шығарғанын хабарлады, деп жазды qandastar.kz

Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарына сотуар әшекейді таныстырды. Айтуынша, оның бағасы – 50 мың теңге.

«Бүгін көптен бері айтып жүрген туындымды сіздерге таныстырамын. Ол – осы суретте көзге оттай басылып тұрған әшекей. Әдемілігімен көздің жауын алып тұр. Сұлулығымен қоса терең мазмұнды. Әр әйелдің бақытын құрайтын денсаулық, отбасы, сәби сүю, карьера, сұлулық және байлық – бәрі бірікті. Әдемі туынды дүниеге келді. Еркенің бренді сіздерге сәттілік алып келсін, бағы жұғысты болсын. Шын жүректен тіледім», – деді Ерке Есмахан.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close