ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

500 мыңнан 1,9 миллионға дейін: Қазақстандағы ең жоғары жалақылар белгілі болды

Қазақстан нарығындағы ең жоғары айлықтар мен сұранысы көп мамандықтар белгілі болды, деп жазады qandastar.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Enbek.kz электронды биржасының мәліметінше, қараша айында жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны келесі лауазымдарға ұсынған:

  • бас құрылысшы – 640 мың теңгеден бастап;
  • өндіріс учаскесінің бастығы – 595 мың теңгеден;
  • авиациялық диспетчер – 568 мың теңгеден.

Ал үміткерлердің ең жоғары жалақы бойынша күтілімдері мына мамандықтарда тіркелген:

  • ұшқыш – орташа 1,9 миллион теңге;
  • IT-бөлім басшысы – шамамен 1,2 миллион теңге;
  • бас геолог – шамамен 1,2 миллион теңге.

Ең сұранысқа ие мамандықтар:

  • медбике/мейірбике – 1,9 мың бос орын;
  • санитар – 1,8 мың;
  • тәрбиеші – 1,5 мың;
  • автокөлік жүргізушісі – 1,5 мың.

Қараша айында Enbek.kz сайтына 101,1 мың вакансия жарияланған, бұл қазан айымен салыстырғанда 23%-ға аз. Оның 73%-ы білікті мамандарға арналған.

Сонымен қатар, үміткерлер 101,3 мың түйіндеме орналастырған – бұл да бір ай бұрынғыдан 11%-ға төмен. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны маусымдық құлдыраумен байланыстырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button