Жаңалықтар

«5000 шақырым жүріп өткен ата»: Ақтаудан велосипедпен шығып Парижге жетті

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық велосипедші Раббым Борашев мамыр айында велосипедпен  Ақтаудан шыққан болатын. Ақыры қазақстандық азамат Парижге жетті. Бұл туралы  Aktau.kz хабарлады.

5000 шақырым жүріп, Тбилиси, Анкара, София, Белград, Будапешт, Вена және Мюнхен жолдары арқылы жүріп өтіп, Триумфальды аркаға жетті. Оны Қазақстаннан келген туристер, қазақ диаспорасы және француз азаматтары қарсы алды.

Париждегі салтанатты қарсы алу рәсіміне Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты. Бұл сапар Париж Олимпиадасының ашылуымен сәйкес болып отыр.

Еске сала кетейік, 26 шілдеде басталып 11 тамызға дейін жалғасатын Олимпиада ойындарында Қазақстаннан 80-нен астам спортшы ел намысын қорғайды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы жазғы Олимпиада ойындарына ел намысын қорғау үшін аттанғаны жайлы жаздық. Orda.kz тілшісі Парижге спортшылар аттанарда сәт сапар тілеп, шығарып салған  болатын.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close