
Астанада өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев көктемгі су тасқыны қаупі бар өңірлерді атады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оның айтуынша, Қазгидромет ұсынған болжамға сәйкес, қазіргі таңда бес өңірде су тасқыны қаупі жоғары.
Олар – Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.
Вице-премьер ең күрделі жағдай Ақмола мен Абай облыстарында қалыптасуы мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындықты күшейту мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға алдын алу шараларын 1 наурызға дейін толық аяқтауды тапсырған болатын.



