Автосалондағы қызықты сәт: «Toyota Land Cruiser 300» автокөлігін жарнамалаған бала желі қолданушыларын баулап алды, дейді Qandastar.kz.
Көлік автосалонында түсірілген видео әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің ықыласына бөленуде.
Видеода жас бала үлкен ағасының үйретуімен Toyota Land Cruiser 300 (көпшілік арасында «Үш жүздік» деп аталып кеткен) автокөлігін жарнамалауға тырысады. Ол камера алдында автосалондағы мұндай көліктердің ресми дилерлерге қарағанда арзанырақ бағада — 57 миллион теңгеге сатылатынын айтып өтеді.
Сонымен қатар, жас жарнамашы бұл көлікті бөліп төлеу (рассрочка) арқылы да сатып алуға болатынын хабарлап, соңында бұл жарнаманы «өзім де бөліп бере аламын» деп әзілмен аяқтайды. Бұл көрініс видеоны түсіріп тұрғандардың да, желідегі көрермендердің де күлкісін келтірді.
Бұл видео әлеуметтік желіде кеңінен таралып, желі қолданушылары баланың тапқырлығы мен пысықтығына оң бағасын беруде.



