Әлеумет және қоғамБілімЖаңалықтар

583 млн теңге қайда кетті? Түркістанда білім саласындағы ірі қаржы схемасы әшкереленді

Түркістан облысында білім саласындағы ең ірі жемқорлық істерінің бірі әшкереленді.

Байдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жүйелі түрде жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу дерегінше, 18 қызметкер — оның ішінде басшылар, бухгалтерлер мен экономистер 49 мектептің жалақы және төлем қорын жасанды түрде көбейтіп, мемлекет қаржысын заңсыз иемденген.

Электронды жүйелерге жалған деректер енгізіліп, құжаттарға іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар тіркелген.

Жалақы мен үстемеақылар негізсіз өсіріліп, жалған бұйрықтар мен табельдер арқылы қаржы операциялары заңды етіп көрсетілген.

Ақша жалған тұлғалардың, туыстар мен таныстардың шоттарына аударылып, кейін қатысушылар арасында алдын ала келісілген үлеспен бөлінген.

Мемлекетке келген шығын — 583 миллион теңгеден астам.

Залал толық өтелгенімен, сот шешімі қатал болды.

14 адам — 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

4 адамның ісі рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button