Қаржы және төлемдер

600-ден астам компания салық органдарының садағында: жаңа фискалды саясат нені көздейді?

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәртіпті нығайту мақсатында бірқатар шараны жүзеге асырып жатыр. Жақында 633 салық төлеушіге салықты төмендеткені жайлы ескерту хаттары жіберілді, деп жазады qandastar.kz

Олардың арасында құрылыс секторындағы 172 компания, 102 сауда кәсіпорны және басқа да бірнеше жүздеген кәсіпорын бар. Осы шаралардың нәтижесінде есептілікті түзеткен компаниялар бюджетке 17 миллиард теңге аударды. Олардың арасында еліміздегі ірі  компаниялар – BI Group пен BAZIS бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов бірнеше ірі компанияларды салық міндеттемелерін бұзғаны үшін сын садағына алған еді. Олардың арасында біз айтқан дәл осы BI мен BAZIS бар. Үкімет басшысы бұл компаниялардан салық декларацияларын түзетуді және қосымша салықтарды төлеуді талап етті. Дегенмен, BI айыптауды жоққа шығарып, аудиттен өткенін мәлімдеген болатын. Алайда кейінірек бұлай болмай шықты.

Оrda.kz хабарлағандай, бұл шара – тек бір реттік акция емес, алда жүйеленетін салық саласындағы реформаның бір бөлігі. Соңғы өзгерістерге сай, «құрыққа түсіп отқан» салалардың ішінде құрылыс пен сауда бар. Осыған қарап, мемлекеттік органдар салықтан жалтару мәселесін қадағалап қана қоймай, бизнеспен тиімді диалог орнатуға қадам жасап отырғанын байқауға болады.

Бұдан бөлек, Қазақстан өткен жылы 89 юрисдикциямен, соның ішінде 26 офшорлық мемлекетпен қаржылық ақпарат алмасуды кеңейтті. Бұл қадам салық органдарына шетелдегі қазақстандықтардың есепшоттарын бақылауға мүмкіндік береді және салықты әкімшілендіруге жол ашады. Қазір осы механизм арқылы бюджетке 5,4 миллиард теңге түсті. Бұған дейін «Қазақстаннан қаржы тасу» салықтан жалтарудың танымал әдісі болғаны белгілі, алайда жаңа шаралар арқылы бұл арналардың енді тынысы тарылмақ.

Қазақстанда салық жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында қолға алынған тағы бір қадам – цифрлық теңгені салық жүйесіне енгізу. 2024 жылдың IV тоқсанында Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасын іске қосты. Бұл жаңа механизм ҚҚС қайтару процесін айтарлықтай жылдамдатады: бұрынғыдай 55-75 күннің орнына кәсіпкерлер салықты 15 жұмыс күні ішінде қайтарса, пилоттық жоба аясында бұл мерзім 5 күнге дейін қысқарды. Ж

Жаңа бастамалар салық төлеушілер үшін процестерді жеңілдетіп, қаржылық айналымды жақсартады. Сондай-ақ бұл шешімдер жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close