Жаңалықтар
63 ақтөбеліктен шошқа тұмауы анықталды
Фото: istockphoto.com
Мектептер мен балабақшаларда енді «фильтрлер» орнатылған, балалардың кіреберісте дене қызуы тексеріледі.
Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, ПЦР әдісімен 2131 науқас тексерілген, оның 63-інде А типті тұмау (H1N1 штамы), яғни шошқа тұмауы анықталған.
ЖРВИ мен тұмау асқынуларымен қауіпті, әсіресе олар пневмонияны тудыруы мүмкін. Осындай диагнозбен 274 адам ауруханаға жатқызылған, олардың ішінде бір жүкті әйел, 208 бала (14 жасқа дейінгі) және 43 нәресте бар. Ауру деңгейі 2,8 есеге артқан.
Мектептер мен балабақшаларда енді «фильтрлер» орнатылған, балалардың кіреберісте дене қызуы тексеріледі.
«А және В типті тұмаулар ең ауыр және жиі кездеседі. А типі инфекциялық-токсикалық шок тудырып, адамның өміріне қауіп төндіруі, сондай-ақ жүрек-қан тамыр жүйесін және тыныс алу органдарын зақымдауы мүмкін. Сондықтан екпе алу маңызды болды. Вакцина жүкті әйелдерге де жасалады. Бірақ бізде қазан айынан бері стационарда 109 жүкті әйел емделді, олардың тек екеуі ғана екпе алған. Вакцина алғандар тұмауды жеңіл өткереді. Стационарға түскен 45 науқастан шошқа тұмауы анықталды», – дейді Ақтөбе облыстық инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.
Ақтөбеліктерге адамдар көп жиналатын орындарға баруды, бұқаралық шараларға қатысуды шектеуге және маска тағуға кеңес берілді.