Жаңалықтар
7 жасар қызды ескерткіш басып қалды
Фото: telegram/ ATYRAU ONLINE
26 маусым сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңында 7 жасар баланы ескерткіш басып қалып, ол ауруханада көз жұмған.
Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді.
«2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.