Жаңалықтар

7 жасар баланы 12-қабаттан лақтырмақ болған: Астаналық оқушылардың ата-аналары жазаланады

Фото: ашық дереккөз

Астанада 7 жасар баланы тұрғын үй кешенінің балконынан лақтырмақ болған мектеп оқушыларының ата-аналары жазаланады. Бұл туралы qandastar.kz Kznews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Астанада бір ауланың балалары достарын үйдің 12-қабатынан лақтырып жібермек болғаны туралы жазған едік.

Полиция оқиғаға қатысы бар оқушылардың жеке басын анықтыды. Қазір іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.

«Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, жинақталған материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Астана полициясы заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», – делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Басқарманың мәліметінше, балалар пранк-видео түсірмек болған.

“Балалардың сөзінше олар пранк-видео түсіргісі келген. Осылайша олар көңіл көтеріп, өз әрекеттерінің қауіпті екенін түсінбеген. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, балалармен психологтар жұмыс істеуде. Ата-аналар зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, түсіндірме хат жазып, психологтардың жұмысына келісімін берді”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте Шымкентте ағасы бүлдіршінді 4-қабаттан лақтырып жіберіп, баланың көз жұмғаны туралы жазған едік.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close