Жаңалықтар

70 млрд теңгеге жуық қарыз: Абай облысында аудит жүргізілді

Фото: ашық дереккөз

Абай облысының екі жылдағы қарызы 70 млрд теңгеге жуықтаған. Соның 16 млрд теңгесі биыл сәуірде өтелген, деп хабарлады Qandastar.kz.

Бұл туралы Жоғары аудит палатасы хабарлады. Өңірдегі 12 объектіде аудит жүргізілді. Тексеріс барысында 6 квазимемлекеттік секторда 224 млн теңгеден астам сомаға қарыздардың сыйақы сомасын және негізгі борышын уақтылы өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны анықталды. Тағы 3 нысан 711 млн теңгеден астам сомаға бухгалтерлік заңнаманы бұзуға жол берген.

«Бірде-бір мемлекеттік орган борыш бойынша стратегияның тиімділігіне және оның өңірдің қаржылық жағдайына тигізетін әсеріне тұрақты талдау жүргізбейді. Мемлекеттік борыштың бюджетке, экономикалық өсуге және басқа көрсеткіштерге қалай әсер ететіні туралы бағалау жоқ», – делінген қорытындыда.

1,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану 6,1 млн теңге, тиімсіз жоспарлау 143,3 млн теңге болған. Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда 20,6 млн теңге болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close