
Жамбыл облысында полицейлер үш күн бұрын жоғалған шопанды және оның 700 қойдан тұратын отарын тауып алды, деп хабарлайды qandastar.kz POLISIA.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Телеграм парақшада хабарланғандай оқиға Жамбыл ауданында болған. Екі күн бұрын аудандағы шаруақожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қоймен бірге құмды аумақта адасып кеткен.
Хабарлама түскен сәтте жедел түрде оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің нәтижесінде 24 сағатқа жетпей аудан орталығынан 200 шақырым жерде қойшы да, оның малы да табылды.
– Түнде тоңып қалмау үшін ұйықтамауға тырыстым. Үш күнге жуық тамақ ішпегендіктен әлсіреп қалдым. Мені тапқан полиция қызметкерлері жағдайымды көріп, бірден жылы орынға апарып, айран мен нан берді. Алғысым шексіз, – деді тұрғын.
Полицейлер оған бірден айран мен нан беріп, жылы жерге жеткізді.



