ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
700 млн жымқырған шенеунік сотталды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, сотталушы өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барған.
«Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, материалдардың құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен»,- деп мәлімдеді ҚМА.
Сонымен қатар, ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған. Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелді.
Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.