Шоу бизнес

75 жастағы ақсақал әйеліне ақ көйлек кигізіп, той жасады (ВИДЕО)

Желіде 75 жастағы ақсақал мен оның жұбайының алтын тойын ерекше атап өткен видеосы тарады, деп жазады qandastar.kz.

Үлкен кісілер жас кезіндегідей үйлену тойын жасап, 50 жыл бірге өткізген өмірін айрықша атап өтуді жөн көрген.

Жасына қарамастан, ер адам классикалық смокинг киіп, жары аппақ той көйлегін таңдаған.

Бейнежазба қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, желі қолданушыларының жылы пікірлеріне бөленді.

Көпшілік ерлі-зайыптыларды мерейлі тойымен құттықтап, бәлкім, жастық шағында дәл мұндай той жасауға мүмкіндіктері болмағанын атап өтуде. Ал кейбіреулер жұптың мұндай образы күтпеген, ерекше көрінетінін айтса да, бәрібір сыйластық пен сүйіспеншілікке толы әсер қалдырғанын жазған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button