Әлеумет және қоғам

«8 ай алимент төлемеген»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мәлімдеме жасады

Коллаж: Stan.kz

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі, блогер Фариза Алмазова тың деректерді бөлісті, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогердің сөзінше, жұлдызды әке 8 айдан бері алимент төлемеген.

”Әкенің орны жездедей-ақ деген сөзді дәлелдеп берді. Сот орындаушысы шақырды. 8 айдан бері алимент төлемеген еді. Сол үшін арыз жаздым”, – деді Фариза.

Одан кейін актердің болашақта да алимент төлемейтінін жазған хатын жариялады.

“Ақша тап та, балаларды өзің асыра. Балаларды да көрмей-ақ койдым. Жиналса жинала берсін. Сториске салып, охват жинаймын деп ойламай-ақ қой. Менің бір емес, екі үйім бар. Сен сияқты әке-шешеңмен тентіреп жүрген жоқпын. Қыз деген көп емес пе, шертіп жүріп таңдай аламын”, – деп жазған актер.

Еске салайық, Нұрсұлтан Жақсыген эфирде бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, қоңырау шалған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close