Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

8 мың теңгенің соңы — темір тор: Ақтөбеде бингода жалданып жұмыс істеген қыздарға үкім шықты

Ақтөбеде онлайн-бинго клубында кассир-оператор болып істеген жеті қыздың соты қоғамда резонанс тудырды, деп жазды qandastar.kz

Оларға заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар деген айып тағылып, жаза ретінде 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көрсетілген. Негізгі ұйымдастырушыға —  9 жыл. Видео авторының сөзіне қарағанда, қыздарды күнделікті 8 мың теңгеге жалдап, «ресми жұмысқа алынасыңдар» деп үгіттеген; кейін ұйымның лицензиясы жоқ екені анықталған.

Сотталушылардың бәрі жалдамалы жұмысшылар болғаны, олардың мүлкі жоқтығы және көбінің банк несиелері бар екені айтылады. Олардың арасында жас аналар мен кәмелетке толмаған балаларын бағып жүргендер бар: екі қыз жүкті, соның бірі босанғаннан кейін-ақ сотқа жеткізілген. Туыстары мен жақындары істің әділ қаралмағанын айтады. Елде заңсыз онлайн-казино мен лото клубтары көп екенін, жауапкершілік көбіне қарапайым қызметкерлерге ғана артуы әділетсіз деп есептейді.

Әлеуметтік желідегі жазба иесі сот процесін қайта қарап, қыздарға қарсы «ұйымдасқан қылмыстық топ» деген бапты алып тастауды, әрі қосымша экономикалық және филологиялық сараптамаларды тағайындауды сұрайды. Олар айыпталушылардың қылмыстық табыс таппағанын, қарапайым күнкөріс көзінен ғана жұмыс істегенін алға тартады және қоғамнан қыздарға қолдау көрсетуді өтінеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button