Жаңалықтар
80 млн теңге тұратын үйді ұтты: География пәнінің мұғалімі блогердің конкурсын жеңді
Фото: Блогер парақшасынан
Блогер Аида Серікова құны 80 млн теңге тұратын үйді жеңімпаз егелерге табыстады, -деп хабарлады Qandastar.kz.
«Тағы бір қазағымыз үйлі болды. Баспанасы жоқ, 3-балалы ата ана, күйеуі де, әйелі де мұғалім, сондай бір қарапайым жандарға бұйырыпты. Бүгін ғана ақшадан қысылып, күйеуі Алматыға кредит алуға келген екен. Бірақ банктен 200.000 теңге де мақұлданбапты. Біз ұйымдастырған конкурсқа қатысу үшін курсты да бөліп төлеуге алған. Эфирде барлығымызды жылатты», – деп жазды блогер.
Желіде де қуанышты пікір қаптаған. «Соңғы кездері ақша үшін араздасқан отбасы көп қой, мына жас жұбайлар қиындықты бірге еңсеруге бекінгені көрініп тұр, керемет», «Айдостың ата-анасы ерте «кеткен», інісі екеуі тете өсіп, мектепті өте жақсыға, ал ҚазҰУ қызыл дипломмен бітірген. Өте сауатты. Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімі» деп ақ-қарасын жазып жатыр желі қолданушылары.