Жаңалықтар

800 мың теңгеге былғарыдан шапан – Прокуратураның тапсырысы

Фото:  pro-goszakaz.ru

БҚО прокуратурасы 800 мың теңгеге былғары шапан тігуді тапсырды. Қосымша сипаттамада жеткізуші мемлекеттік әділет кеңесшісіне шапан тігуі керек делінген, – деп хабарлайды Paryz.kzAzattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Жеткізуші пальто тігу үшін барлық материалдардың жоғары сапасын қамтамасыз етуі керек. Оған қоса, келісімшарт жасалғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде Тапсырыс берушіге келісу үшін пайдаланылатын материалдардың үлгілерін ұсынуы тиіс», – делінген техникалық сипаттамада.

Өлшемдер жұмыс орнында, яғни БҚО прокуратурасының ғимаратында алынуы тиіс. Сәйкессіздіктерді жою мерзімі күнтізбелік үш күннен аспауға тиіс. Жеткізуші тапсырыс берушімен өнімнің материалын алдын-ала келісуі керек. Өнімнің кепілдік мерзімі – бір жыл. Айтпақшы, көлік шығыны шарттың құнына кіреді.

Облыстық прокуратура алтыншы маусымда сатып алу қызметтік қажеттілікке байланысты жарияланғанын хабарлады. Конкурс баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталында өткізілді.

«13 маусымда «Камода» ЖШС-нің бір баға ұсынысын ұсынуына байланысты Мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылды. Сол күні мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде «Камода» ЖШС жеткізушісіне электрондық шақыру жасады. 18 маусымдағы Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Камода» ЖШС шақырылған жеткізушісімен Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылданды», – деп түсіндірді БҚО прокуратурасынан.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close