БілімЖаңалықтар

85 жастағы алматылық әже университетке түсуге дайындалып жүр

Алматыда 85 жастағы Нұрихан апа білім алудың ешқашан кеш еместігін дәлелдеді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Instagram желісіндегі Zorknews парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрихан апа көптен бергі арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді шешкен.

Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, «Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес» екенін айтып, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Алайда бұл жолы әжей тестілеуді өте алмаған. Оған компьютермен жұмыс істей алмайтыны кедергі болған.

Бірақ ол келесі жылы қайта келуге ниетті екенін айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button