Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

86 ұшақты “бәстесіп”, Ресейден қайтарған генерал жайлы мәлімет шықты

Журналист Нұрбек Бекбау Қазақстан армиясында болған маңызды тарихи оқиға туралы айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады.

Ел тәуелсіздігін алған сәтте Қарулы күштердегі офицерлердің басым бөлігі өзге ұлт өкілдері болған. Көпшілігі Қазақстанға қызмет етуден бас тартып, танктер мен әскери ұшақтарды Ресейге айдап әкеткен.

«Қазақстан тарапы заңсыз шығарылған техниканы қайтаруды талап етіп, келіссөздер жүргізгенмен, уәде орындалмай қалған. Дәл осы кезде қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың батыл әрекеті шешуші рөл атқарғаны айтылады. Мұхтар Алтынбаевтың естелігіне сүйенсек,  сапар кезінде Ресей қорғаныс министрі Павел Грачёв пен әуе қорғанысы басшысы Петр Деникинмен әңгіме барысында техниканы қайтару мәселесі қозғалса да, нақты нәтиже болмаған», — деп жазды журналист facebook парақшасында.

Петр Деникин сол отырыста эмоцияға беріліп, Алтынбаевқа «Егер сен Мәскеуден СУ-27-ні өз қолыңмен ұшырып, Қазақстанға жеткізсең,  біз сендерге талап етіп отырған 86 ұшақты толық қайтарып береміз. Офицер сөзім!» деп уәдесін берген.

Мұхтар Алтынбаев бәсті қабылдайды. Ол екі айдан кейін Мәскеуге барып, үш күн теориялық, екі күн практикалық дайындықтан өтеді де алтыншы күні СУ-27 ұшағын өзі айдап, Мәскеуден Талдықорғанға жеткізеді.

«Осыдан кейін Ресей тарапы Қазақстанға 86 техниканы қайтаруға мәжбүр болған. Оның ішінде  СУ-25 — 15 дана, СУ-27 — 26 дана, МиГ-21 — 21 дана, L-39 — 22 дана, ТУ-134 және ТУ-154  транспорттық әуе кемелері бар», — деді журналист.

Журналистің айтуынша, бұл оқиғадан кейін Ресей генералын «стратегиялық техниканы келісімсіз берді» деп соттамақ болған. Алайда Қазақстан Президентінің Борис Ельцинге өтініш білдіруі арқасында іс жабылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button