ЖаңалықтарҚаржы және төлемдерЭкономика және бизнес

88 млн табыс: Жұманғарин декларациясын алғашқылардың бірі болып жариялады

Ұлттық экономика министрі, вице-премьер Серік Жұманғарин өз декларациясындағы мәліметтерді алғашқылардың бірі болып жариялады. Қалған министрліктер үсіз. Бұл туралы Qandastar.kz  ақпарат порталы Bes.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

2024 жылға арналған есепте Серік Жұманғариннің жұбайы 88 678 984 теңге табыс тапқаны көрсетілген. Бұл соманы министрлік лауазымды тұлғалардың кірістері туралы мәліметтерде жариялаған. Аталған табыстың 88 млн теңгеден астамы бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялардан түскен кіріс екені атап өтілген.

Айта кетейік, бұл  жариялануға жататын деректер ғана, яғни декларациядағы ақпарат толық емес.

Вице-министрлер мен елшілердің декларациялары

Сонымен қатар Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың жұбайы 69 млн теңгеден астам табыс тапқаны белгілі болды.

Сыртқы істер министрлігі жеті елшінің декларациясынан алынған мәліметтерді жариялады. Атап айтқанда, Қазақстанның Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Күлгінов декларациясында жеке табысы ретінде 0 теңге көрсеткен. Ал оның жұбайы Жанар Келімбетованың жалпы табысы 16 967 301 теңгені құраған.

Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов өз декларациясында 2024 жылға арналған жалпы табысын 3 380 000 теңге деп көрсеткен.

Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова 2 640 000 теңге табыс тапқан.

Швециядағы елші Олжас Сүлейменов 0 теңге табыс көрсетсе, оның жұбайы Жанар Прімбетова декларациясында 26 550 теңге кіріс көрсеткен.

Қазақстанның Ирандағы елшісі Онталап Оналбаев та 0 теңге табыс көрсеткен, ал оның жұбайы Света Балқыбаева 1 млн теңгеден астам кіріс тапқан.

Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісі Сатыбалды Бұршақов 875 000 теңге табыс тапқан, оның жұбайы Майра Қаракешова 25 000 теңге кіріс көрсеткен.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев 0 теңге табыс көрсеткен, ал оның жұбайы Алия Нұрышева 12 млн теңге кіріс тапқан.

Ал Қаржы министрлігінің сайтында тек вице-министр Әсет Тұрысовтың декларация деректері орналастырылған. Онда оның жұбайы Жібек Тұрысова 6,8 млн теңге табыс тапқаны көрсетілген. Ал Көлік министрлігі вице-министр Талғат Ластаевтың декларациясынан алынған мәліметтерді жариялаған. Оның жылдық табысы 5,3 млн теңгені құраған.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі шенеуніктер, депутаттар және судьялар декларацияларында жарияланатын мәліметтердің тізімін қысқартқан болатын.

Енді ашық қолжетімділікте тек жеке тұлғаның салық салынатын жалпы табыс сомасы мен декларация тапсырған адамның аты-жөні ғана көрсетіледі.

Ал бұған дейін шенеуніктер Қазақстанда және шетелде сатып алынған немесе сатылған мүлік, шетелдік банктердегі есепшоттар және өзге де мүлікке қатысты ақпаратты жариялауға міндетті еді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button