Шоу бизнес

88 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйінде қаралы хабар

Қазақстанның халық әртісі, 88 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов қайын енесінен айырылды, деп жазады qandastar.kz.

Танымал әнші қайғылы хабарды өзінің Instagram – дағы парақшасында бөліскен. Әйелінің анасына арнап жүрек тебірентер жазба жариялады.

«ХОШ БОЛЫҢЫЗ,ПЕРІШТЕ АНА…

Аяулы АНА-сіз тіршілігіңізде АЛЛАҒА мадақ,Пайғамбарға салауат айттыңыз.

Ғибадаттың сұлтаны болған НАМАЗ сайын еліңіздің амандығын, жұртыңыздың тыныштығын тіледіңіз.

Сіздің санаңызға сіңіп,сүйегіңізге біткен дәл осы ұғымды өз басым ұлылыққа балар ем.

Жүрегіңіз-иманда,тіліңіз-қасиетті ҚҰРАНДА болды ЖАН АНА.

Мейіріміңіз көзіңізде,ықыласыңыз көңіліңізде еді,қара шаңырағыңыз сізбен биік,тек өзіңізбен қастерлі екен ғой,қадірліміз де-қасиетіміз де сіз едіңіз ғой АРДАҚТЫМЫЗ-АУ…

Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады,жанарыма жас үйіріледі, көкірегіме қан құйылады…Сіздің жайнамазыңыз бен тәспіңізді бір сипап қоямыз,бір жапырағыңыз кеше ЖАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ құшақтап ұйықтады,оның не Айналайын-ау,-дей алмадым ақ періштеңізге…Орныңыз ойсырап қалды-ау айналып қана кетейін АБЗАЛ АНА…», — деп жазды Нүсіпжанов.

Көпшілік қазаға көңіл айтып, әншінің қайғысына ортақтасты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Nurgali Nusipzhanov (@nurgali_nusipzhanov_official)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button