Шоу бизнес

89 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжанов жұбайына жазба арнады

89 жасқа келген әнші Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі жұбайына арнап жүрекжарды жазба жариялады, деп жазады qandastar.kz.

 «Теңіз ойдың түбінен сөз маржанын терген серігім бар. Ауырғанда арқа сүйер, қиналғанда қалқан болар адамды бұйыртқан Аллаға тәубәмді қабыл алып, иманымды беріктегені үшін қарыздар қазақпын. Бүгінім үшін Аллаға шүкір етемін, болашағым үшін де Аллаға тәуекел етемін. Қара орман қазағым аман болсын, Алла-Тағаллам алты алашты іштегі даудан, сырттағы жаудан сақтағай. Менің барым да, нарым да өздеріңіз, айналайын ағайындарым, тілеулестерімді іні, қарындастарым деп қабылдаған адаммын бір сөзбен айтқанда мен халқыммен баймын», – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.

Ал оқырмандары өнер иесін 89 жасқа толуымен құттықтап, тілектерін арнады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button