Жаңалықтар

«9-10 қадам жасап жүр»: Оқ жарақатын алған Берденовтің жағдайы белгілі болды

Фото: Шымкент әкімдігі

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Кәсіпкер досы Руслан Берденовтың қазіргі хәлін айтып, оның жүре бастағанынан хабардар етті.

Құдайға шүкір, Руслан Берденов досымыздың беті бері қарай бастады. Ол сөйлеп, күніне 9-10 қадам баса бастады. Жағдайы күннен-күнге жақсарып келеді. Тілеулес болған баршаңызға шын жүректен алғыс айтамыз, — деді Сырымбек Тау.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында қарулы шабуыл жасалған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close