Қаржы және төлемдер

«90 мың теңге шығындарын өтемейді»: Қазақстандық депутат жастарды жұмысқа орналастыратын мемлекеттік бағдарлама айлығын сынға алды

Фото: Сенат отырысынан

Депутат Бибігүл Аққожина бүгінде “Алғашқы жұмыс”, “Жастар практикасы” сияқты мемлекеттік бағдарламалардың төлейтін айлығын сынады, деп жазды qandastar.kz

Айтуынша бұл жастардың ең қарапайым күнделікті шығындарын да өтеуге жетпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депуттатың айтуынша, қазіргі уақытта “Жастар практикасы” және “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламалары бойынша еңбекақы мөлшері өте төмен.

“Соңғы өсім 2022 жылы 20-дан 30 АЕК-ке ұлғайған. Бұл ретте қатысушылар үшін қолға түсетін төлемнің нақты мөлшері 90 511 теңгені құрайды. Бүгінгі таңда инфляциялық құбылыстарға қарамастан бағдарлама қатысушыларының жалақы деңгейі өзгеріссіз қалып отыр. Жастар әсіресе әлеуметтік осал санаттағы ата-анасының қолдауы жоқ түлектер қазіргі төлем деңгейімен тұрғын үй, тамақтану шығындарын обьективті түрде жаба алмайды. Нәтижесінде көптеген адамдар қатысудан бас тартып, бейресми жұмыс іздеуге мәжбүр”, – деді ол.

Бибігүл Аққожина салдарынан көптеген жастар бұлай жұмысқа орналасудан бас тартатынын алға тартты.

“Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес екі жобаға қатысқан жастарымздың 23 пайызы ғана жұмысқа орналастырылды. Қолданыстағы шарттар, соның ішінде жалақының төмен деңгейі тиісті мотивацияны бермейді. Осылайша төлемнің төмен деңгейі жастарды еңбек нарығына тартуға, олардың кәсіби қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының мақсаттарына қайшы келеді. Жеке сектор тіпті біліктілігі жоқ жұмысшылар үшін де жоғары жалақыны ұсынатынын ескеру қажет. Бұл жастардың мемлекеттік бағдарламаларға деген қызығушылығын одан әрі төмендетеді. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жуырда жариялаған жолдауында жыл сайын бізде мыңдаған инженерлер, құрылысшылар, ауыл шаруашылығы мамандары оқуларын біртіріп шығатынын айтты. Оларды оқытуға мемлекет қомақты қаражат бөледі.. Дегенмен олар кәсіби мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Бәрі тез табыс әкелетін жұмыс таңдайды”, – деді ол.

Депутат осы тұста жастарды мұндай жобаларға тарту үшін жағдай жасау керек екенін көрсетті.

“Жастар практикасы” “Алғашқы жұмыс орны” жобаларына қатысушылардың жалақысын арттыру мүмкіндігін, жастар үшін аталған жобалардың тиімділігі мен тартымдылығын арттыру қажеттілігін ескере отырып, қарастыруды сұраймыз. Еңбекақы деңгейін төлеуді ұлғайту, жастардың бағдарламаларға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беріп, еліміздің адами капиталын арттыруға үлес қосады”, – деп қорытты ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close