Жаңалықтар

93 жасында көлікті тізгіндеген қария көпшілікті сүйсінтті

Қарағанды облысында 93 жастағы тыл ардагері көлік тізгіндеп жүр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат портал  Қазақстан ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген ақсақал тылда талмай еңбек еткен. Еңбек жолын Ақмола облысында агроном болып бастаған.

Ал қазір 93 жасқа келген ақсақал көлік тізгіндеп, шөберелерін мектепке тасып жүр. Осы уақытқа дейін жол ережесін мүлде бұзып көрмеген.

Мереке Сыздықов пен Жамиля Оспанқызы төрт баланы өсіріп, жеткізген. Бүгінде 10 немересінен 26 шөбере сүйіп отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close