Жаңалықтар

Ермахан Ыбырайымов тас лақтырып жүр: марқұм Бекзат Саттархановтың мұрағаттағы видеосы тарады

Ермахан Ыбырайымов тас лақтырып жүр: марқұм Бекзат Саттархановтың мұрағаттағы видеосы тарады

Фото: видео скрин

Сиднейде Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттархановтың мұрағаттағы сұхбаты тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Дайындығымыз өте жақсы. Олимпиадаға жолдама алдық. Олимпиадаға барудағы мақсатым – еліміздің көк туын биікке желбірету. Барғаннан кейін міндетті түрде алтын медаль әкелу керек. Халқымызды қуанышқа бөлеу керек. Халқымыз бізге үлкен үміт артып отыр. Қазір менің басты үш қарсыласым бар деп есептеймін. Олар: таиландтық әлем чемпионы, америкалық және түрік боксері. Осы үш қарсыласым — ең мықтылары», — дейді ол «Хабар» агенттігіне берген сұхбатында.

Мұқият қарасақ, Саттархановтың артында 1996 жылғы Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов ауыр тастарды лақтырып, жаттығып жүргенін көруге болады.

Еске салсақ, Бекзат Саттарханов Олимпиада чемпионы атанып, 3 ай өткен соң жол апатынан қаза тапты. 20 жасында Олимп тұғырын бағындырған батыр тірі болса биыл 44 жаста болар еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close