Жаңалықтар
Жол апатына түскен оралдық оған әкімдікті кінәлап, 603 мың теңге өндіріп алды
Фото: pixabay.com
Жол апатына түскен Орал тұрғыны әкімдіктен көлігінің шығындарын өндіріп алды, Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс материалдарына сәйкес, Әбілқайыр хан мен Сырым Датов көшесі қиылысындағы жолдың сапасы нашар болғандықтан ер адам жол апатына түсіп, қалтасынан біраз шығын шығарған.
Сөйтіп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жол сапасына қатысты міндетін дұрыс орындамаған деп есептеп, сот арқылы 788 мың теңге ақша өндіруді талап еткен.
«Сот іс материалдарын зерделей келе, материалдық залалдың келтірілу фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен расталғанын анықтады. Бірақ сарапшының қорытындысы бойынша, көлікті жөндеу жұмыстарының құны 603 мың теңге болған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осыған байланысты сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ер адамның пайдасына 603 мың теңге материалдық шығынды және 6 037 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттелді.